Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЖІМІНЕ ҚАРАП АДАМДЫ ТАНЫ

ӘЖІМІНЕ ҚАРАП АДАМДЫ ТАНЫ

Беттегі әжім арқылы адамның мінез-құлық ерекшеліктерін байқауға,айыруға,тануға болатынын ғалымдар дәлелдеген. Біз сіздерге соның кейбір құпияларын ашпақпыз. 
Көңілділік - Ауыз бен көз щетінде орналасқан әжім сызықтары көңілді адамдардың мінез-құлқын көрсетеді. 

Қорқақтық - Езудің екі жағына тарамдалған әжімдер,өмірде қорған іздейтін қорқақ адамдарға тән. 

Қоршаған ортаға мән бере қарайтын адамдар - Өмірде ұсақ-түйекке көп мән беретін адамдардың көзінің айналасына әжімдер үйір-ақ.Оны не болмаса «қаз табан»әжімдер деп те атайды. 

Адалдық пен щынайылық - Екі қастың үстіне көлденең түсетін әжімдер,мінезінде адалдық пен тұрақтылығы басым адамдарға тән. 

Зиялылық - Екі көздің арасында терең орналасқан әжімдер зиялы адамдарға тән. 

Алды-артын байқағыш және кең пейілділік - Алды-артын байыптағыш,мейірімді,кең пейіл адамдардың маңдайына ұзын-ұзын көлденең орналасқан әжімдер толады.Ал алдына қойған мақсатын тындыра алмайтын адамдардың маңдайындағы әжімдері көлденеңнен түскен қысқа және ұсақ болады. 

Түңілу - Қатты күйзелістен туатын әжімдер тез жоғалып кетуі де мүмкін,бірақ уақыт өткен сайын айқын көрінетін болады.Бұл әжімдер мұрынның төменгі жағы мен езудің шетін жайлап жатады.Егер әжімдер ауыздан төмен қарай,яғни иекте орналасса,ол-адамның денсаулығының бұзылғанының белгісі,я болмаса бұл-өмірден түңілген адамға тән әжімдер. 

Алаңдаушылық - Бүкіл бетке және екі қастың үстіне қиғаш орналасқан әжімдер мазасыз адамдарға тән. 

Ашуланшақтық - Бетінде үшбұрыш кейіпіндегі әжімдер(әсіресе екі әжімнің қосылған тұсы үшкір болса)намысшыл,ашуланшақ адамдарға тән. 

Күйгелектік - Өзімізге таныс маңдайдағы үшкір әжімдермен қатар көздің айналасындағы және екі езуден төмен қарай бағытталған әжімдер жүйкесі тозған,жиі мазасызданатын адамдарға тән. 

Таңқалу - Көздерінің төменгі жағына көлденең орналасқан адамдарда көбінесе айналасындағы өмір оқиғаларына таң қала қарайтын жандар болып келеді. 

Немқұрайлық - Жүзінде әжімі жоқ,бетінің еті бос,екі езуінің тұсында қос сызығы бар адамдар еріншек,айналасына немқұрайлы қарайтын жандар болып келеді.
reactor.inform.kz​​​
20 қараша 2018 ж. 3 507 0