Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды

Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды

3 желтоқсан күні Қызылорда қаласы ПБ «102» арнасына мұз астында белгісіз адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелген.

«Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оның денесінде өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ.
06 желтоқсан 2022 ж. 1 669 0