Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ер адам көпірден секіріп, қайтыс болды

Қызылордада ер адам көпірден секіріп, қайтыс болды

17 желтоқсан күні сағат 00:00 шамасында Қызылордада 102 арнасына сол жағалаудағы аспалы көпірден белгісіз азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында азамат қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
18 желтоқсан 2022 ж. 1 594 0