Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2019 ЖЫЛЫ ТУҒАН БАЛАЛАР ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

2019 ЖЫЛЫ ТУҒАН БАЛАЛАР ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

2019 жылы сары ит орнын доңыз басатыны бәрімізге белгілі. Болашақ ата-ана үшін 2019  жылы дүниеге келген сәбилерінің қандай мінезі, қабілеті бар екенін білу маңызды. Мұны білу арқылы сіз бала тәрбиесіне басқалай көзқарас таба аласыз, бала үшін қызықты дағды қалыптастырып ортақ тіл табасыз. 
Жалпы сипаттама

Жер шошқасы  (доңыз) – он екі мүшелдің соңғы белгісі, қытай жұлдызнамасына сәйкес өзге он бір белгіге қарағанда, әділ әрі жағымды белгі ретінде танылады. Оған 2019 жылдың 5 ақпанынан 2020 жылдың 24 қаңтарына дейінгі аралықта дүниеге келген балалар жатады. Бұл балалар жан-жақты ақыл-ойы дамыған, өзіне сенімді тұлғалар екені анық, болашақта жеке өмірінде де, еңбегінде де зор табыстарға кенеді...

Кішкентай доңыз өмірдің жаңа жағдаяттарына тез көніп, кез келген қиындыққа төтеп бере алады. Кішкентай кезінде оңаша ойланып, тыныштықта ойнағанды ұнатады. Оқығанды, өмірді танығанды, танымын кеңіткенді, шығармашылықпен, атап айтқанда ертегі құрастыру, сурет салу, қолөнермен айналысқанды жаны қалайды. Ең басты кемшілігі, олар бастаған ісін аяқсыз қалдырады, өйткені қызығушылығы азайып қалады. Сол себепті де көп жағдайда білімі жақсы болса да, терең  емес болып жатады.

Баланы қалай тәрбиелеген жөн

Мұндай балаларды тәрбиелеу де оңайға түспейді, өйткені олар өзгенің көмегінсіз, өз дегенімен жүріп үйреніп қалған. Ата-ана бірінші кезекте шыдамдылық танытып, баласының өз сезімдерін ретке келтіруін күткені абзал. Егер доңыз жылы туған баласының өмірде зор жетістікке жеткенін қаласа, тәртіпті қатал түрде қадағалау керектігін ескергені абзал. Бұл балалардың шама шарқынша блімі, ақыл қоры жинақталған. Айналасы ыңғайлы әрі тыныш болса, кез келген жұмысты атқара алады. Ал егер бір нәрсе дұрыс емес болса, қолда бар мүмкіндігін де ұтымды басқара алмайтын халге түседі.

Кішкентай ғана торайлар қыңыр, қамкөңіл келеді, тәрбие барысында ата-ананың мұны ескергені абзал. Дербестігі басым бола тұра, жолы болмай қалған кездері толықтай ата-анаға, жақын адамдарға арқа сүйейді.


Жұлдызнама белгісі бойынша мінездеме

Балалардың бейнесін сомдауға 2019 жылға арналған жұлдызнама белгісіне қарай мінездің қыр-сырын сипаттау да көмек бере алады.

Тоқты 

2019 жылы тоқты белгісінде дүниеге келген балалар ақылды, шыншыл болып қалыптасады. Ата-ана тек қана жақсы тамақтандырып, киіндіріп қана емес,  жаңа білім бере білуі де маңызды. Тоқтылар тұлғалық қабілетті дамытуға күш салады, сондықтан да оларға кеңістік ұсынып, сырт жағынан бақылаған да әдемі...

Торпақ

Торпақ бала айнала қоршаған ортаны өз талантымен және ерекше идеяларымен тәнті ете түседі. Тіпті ересектердің өзі бұл баланың кейде ойына, ақыл-танымына қайран қалып жатады.

Егіздер

Кішкене ғана егіздер өзгеде жоқ ерекше қасиетін көрсетіп жүреді: бәрін білгісі кеп тұрады, үнемі асығып жүреді бір уақытта бірнеше жұмыс атқара біледі. Бала жастан олардың бойында шыдамдылық, сабырлылық, ұқыптылық қалыптастыру керек.

Шаян

2019 жылы дүниеге келген кішкентай шаяндар тез есейгісі келеді. Бұл, әрине, салмақ пен бой өлшеміне ғана қатысты емес, ішкі жан дүние мен ақыл-қабілетіттің толысу шағына да тікелей байланысты.

Арыстан

Арыстан белгісінде дүниеге келген ұлдар мен қыздарды жаңа нәрсенің бәрі қызықтырады. Олар мақсатқа жету жолында аянып қалмайды, осы қасиетімен ерекшелене түседі. Ал ересек жаста олар ақшаны тез табумен қатар, тез жоюмен де көзге көрінеді...

Бикеш

2019 жылы дүние есігін ашқан бикеш жұлдызнамасына тиесілі балалар өте ақкөңіл, тәртіпті және жауапкершілігі мол. Олар ата-ананың айтқанын екі етпей орындайды, бала кезден артында қалған ойыншықтарды реттеп жинайды, қиын тапсырмаларға да шамасы жетіп жатады. Бикештер шыдамды мінезге ие және достармен көңіл көтергеннен гөрі жеке дара қалғанды артық санайды.


Таразы

Сүйкімді таразы бала қарым-қатынасы жеңіл және әрдайым жадырап жүреді. Ол үшін ең бастысы отбасылық шусыз үй жағдайының болуы. Таразы асығыстықты жаны қаламайды және өзімен-өзі болған оған жақсы әсер етеді.

Сарышаян

Осы жылы дүние есігін ашатын сарышаяндардың ой еріктігіне қайран қалмасқа амалыңыз жоқ. Олар үнемі жаңа идеялар ұсынады, құпияларды аша түседі, сондықтан да мұндай баласы бар ата-ананың еш іші пыспайды.

Мерген

2019 жылы туылған мерген балаларды жуас не үндемейтін бала қылу мүмкін емес. Дұрысы ата-ана мерген-балаға лайықты білім не дағды тауып, энергиясын сол жаққа қарай «аудырғаны» дұрыс.


Тауешкі

Доңыз жылы дүниеге келген тауешкілер парасаттылығымен, тәжірибелілігімен, сақтығымен ерекшеленеді. Үлкендердің әңгімесін тыңдап, соларға ұқсағысы келеді. Ата-ана көбіне сәби тауешкіден: «Неге олай? Ол қалай? Ол не үшін?» деген сауалдарды жиі естиді және жауап табуға тырысып жүреді... 

Суқұйғыш

Суқұйғыш белгісінде дүниеге келген ұлдар мен қыздар өз ата-аналарын ақыл-парасатымен ерекшелейді. Олардың білім алуға талпынысы жоғары, ата-анаға олардың жағдайын жасау ғана қалады. Суқұйғыштар тумысынан ашық, жаңаны танып-білгісі кеп тұрады. Табиғат пен жан-жануарлардың арасында болғанды ұнатады.

Балықтар

Кішкентай балықтардың қалауы мен көңіл-күйі үнемі өзгеріп отырады. Бір күні олар күні бойы далада жүргенді ұнатса, екінші күні үйден шыққысы келмей қалады. Балықтардың ұлы да, қызы да сезімтал келеді, сондықтан сәл ренішке, ашуға жауап ретінде жыламсырауы, босаңсуы ықтимал. ..

Десе де, 2019 жылғы доңыз жылы дүниеге келген сәбилердің ерекшеліктерін біле отырып, баланың мінезі мен тәрбиесін қалыптастыру ата-ананың қамқорлығы мен махаббатына да тікелей байланысты екенін айтқымыз келеді...
http://reactor.inform.kz
12 желтоқсан 2018 ж. 2 070 1

Гость MaxTurrart от 27 ақпан 2019 16:21
2019 ЖЫЛЫ ТУ?АН БАЛАЛАР ?АНДАЙ БОЛМА?? » Тол?ын - Арал ауданды? ?о?амды?-саяси газет Скачать торрент можно здесь www.ungames.ru