Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық полицейлер күртеше астарынан есірткі тапты

Қызылордалық полицейлер күртеше астарынан есірткі тапты

Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторында қамауда отырған айыпталушыға жіберілмек болған ер адамның сырт киіміне есірткі жасырып өткізбекші болды.

Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің сәлем - сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлердің қырағылық танытып, өз қызметіне жауапкершілікпен қарауы нәтижиесінде тыйым салынған заттың ішке кіріп кетпеуіне жол берілмеді.

Сәлем сауқаттарды қабылдау бөлмесінің бақылаушы қызметкері ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігімен қамауда отырған айыпталушыға келген сәлемдеменің арасынан шыққан күртешені өлшеу барысында салмағының тұрақсыздығынан күдіктенеді.

Бірден 102-ге хабарласып, мекемеге Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Күмән тудырған күртешенің астарын тіліп тексеру барысында арнайы тігілген мата қалталарға салынған жасыл түстес есірткі зат табылды.

Сот сараптамасының зерттеу нәтижесінде жалпы салмағы 123,13 грамм кептірілген марихуанна екендігі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Динара МАХАНОВА

kyzylorda-news.kz
29 наурыз 2023 ж. 652 0