Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада түрмеге есірткі мен телефон лақтырмақ болған екі адам ұсталды

Қызылордада түрмеге есірткі мен телефон лақтырмақ болған екі адам ұсталды

Қызылордада түзеу мекемесіне есірткі, телефон лақтырмақ болған екі адам ұсталды.
Қызылорда облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік аймағына сотталғандардың пайдалануы мен қолдануына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған екі азамат ұсталды. Жедел түрде мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.
«Тексеру барысында азаматтардан 20 грамдық шприцке нығыздалып салынған 10 дана өзіне тән ерекше исі бар шөп тектес зат және скотчпен оралған 3 телефон тәркіленді. Тәркіленген зат бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижесінде оның салмағы 62,02 грамм марихуана екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінен.

kyzylorda-news.kz​​​
25 шілде 2022 ж. 512 0