Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда түрмесінде адам сенгісіз жағдай болды

Қызылорда түрмесінде адам сенгісіз жағдай болды

Қызылордада түрмеге 10 ұялы телефон және қуаттағыш құралдарын өткізбек болған екі ер адам ұсталды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«13 шілде күні Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесі жедел бөлімінің қызметкерлеріне шұғыл ақпарат түскен. Мекеме аймағында жүрген 2 адам күдік тудырған. Мекеме қызметкерлері жедел түрде 102 нөміріне хабарлап, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Ұсталғандардың бірін тексеру барысында скотчпен оралған заттан 5 ұялы телефон, 3 қуаттағыш құрылғысы және екінші күдікті ер адамның сөмкесінен пластикалық бөтелкеге жасырылған тағы 5 телефон, 3 қуаттағыш пен 2 құлаққап тәркіленді», - делінген департамент хабарламасында.

Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес екі күдіктінің іс-құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.

sn.kz​​​
17 шілде 2022 ж. 605 0