Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жылыжайда есірткі еккен тұрғын ұсталды

Қызылордада жылыжайда есірткі еккен тұрғын ұсталды

Қызылорда қаласының тұрғыны өз қорасында есірткі затын сақтап, өсірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды policia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ҚР Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 27 наурыз күні тұрғылықты мекенжайында аса ірі көлемде есірткі затын сақтауға және өсіруге күдіктелген 54 жастағы қала тұрғыны анықталды.
«Үй иесінің ауласын тінту кезінде қарасора бұталары арнайы өсірілген жылыжай табылды. Арнайы ыдыстарда өсірілген 37 түп сора өсімдігі және 1,5 келіден аса кептірілген марихуана тәркіленді. Аталған дерек екі бап бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігіжәне 300-бабының 2-бөлігіменсотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ілияс Жұмағұлов.
Айта кетейік, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
31 наурыз 2023 ж. 885 0