Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жүк көліктері соқтығысып, бір адам қаза болды

Қызылорда облысында жүк көліктері соқтығысып, бір адам қаза болды

Қызылорда облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға 25 мамырда сағат 2:10 шамасында «Самара-Шымкент» тас жолының 1463-шақырымында болды. Бұл Қазалы ауданының аралығын қамтиды.

Оқиға барысында DAF үлгісіндегі жүк көлігі қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Volvo» маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 2 адам ауруханаға жеткізілді. Біреуі аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
26 мамыр 2023 ж. 592 0