Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Қызылорда облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Қызылорда облысында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Самара – Шымкент тасжолының Қармақшы ауданы, Төребай би ауылының тұсында Volkswagen Transporter автокөлігімен қарсы бағытта келе жатқан Audi автокөлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, екі жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті Қазақстан Республикасы ҚК-дің 345-бабының 4-бөлігімен СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды, белгіленбеген жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды ескертеді.
24 тамыз 2022 ж. 1 773 0