Арал ауданы маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Жол апаты түн мезгілінде орын алған. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" күре жолының 1466 шақырымында екі көлік соқтығысқан. Қазір осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
"Аталмыш жол апатына байланысты, ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза болған, тағы бір азамат дәрігерлердің бақылауында", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.