Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 2 адам жол-көлік апатынан көз жұмды

Қызылордада 2 адам жол-көлік апатынан көз жұмды

Қызылорда облысында жол-көлік апатынан екі адам оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға 12 наурыз күні «Батыс Европа – Батыс Қытай» тас жолының Шиелі ауданы Сұлутөбе елді мекені тұсында болды.
Екі жеңіл автокөлік соқтығысып, оқиға орнында 2 адам қаза болды.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша тиісті сот сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті.

kyzylorda-news.kz​​​
13 наурыз 2022 ж. 774 0