Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағы бір жантүршігерлік жол апаты болды: Түркістан облысында 7 адам қаза тапты

Тағы бір жантүршігерлік жол апаты болды: Түркістан облысында 7 адам қаза тапты

Түркістан облысында жол апаты болып, екі жүргізуші мен бес жолаушы қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент мәліметінше, бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды.
Оқиға Созақ ауданындағы Екпінді-Бірлік автожолында 144-531 шақырым жерде болған. Екі жеңіл көлік соқтығысқан. Аудандық полиция бөлімшесіне, 102-ге сағат 11.20 шамасында хабар түскен.
«Оқиға орнына Түркістан облысы ПД жедел-тергеу тобы, криминалистер мен анықтаушылар шықты. Полицейлер Лада-приора және Фольцваген-гольф жеңіл автокөліктері соқтығысқанын анықтады. Салдарынан екі жүргізуші мен бес жолаушы қаза тапты. Тағы бір адам түрлі дене жарақатымен аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне түсті.
Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Соталды тергеу басталды. Полицейлер қаза тапқандардың кім екенін және жол апатының мән-жайын анықтап жатыр», – делінген хабарламада.
Еске салайық, кеше, 19 маусымда Алматы облысындағы Құлжа тасжолында да жантүршігерлік жол апаты болған еді: салдарынан 7 қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға түсті. Тағы бір жол апаты Ақтөбе облысында болды: екі мектеп директоры жол апатынан қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға түсті.

syrboyi.kz
20 маусым 2021 ж. 531 0