Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды

3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Шымкент-Самара тасжолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) соталды тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жол апаты салдарынан 5 адам қаза тапты, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.