Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бес облысында -42 градустық аяз болады

Қазақстанның бес облысында -42 градустық аяз болады

Жақын күндері ауа райы болжамына қатысты синоптиктер -42 градусқа дейін суық және жел күшейеді деп хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы төмендейді.
Осылайша, 1 ақпаннан 2 ақпанға дейін Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында ауа температурасы -27 … -32 градусқа дейін төмендейді. Кейбір аймақтарда термометр -35 … -40 градусты көрсетеді.
Шығыс Қазақстан облысында 2 ақпанда күн салқындайды. Бұл күні облыста ауа температурасын -28 … -33 градусқа дейін төмендейді. Алайда кей жерлерде -37 … -42 градусқа дейін суық болады.
Ақпанның 1-інде Өскемен, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді деп күтілуде, кей жерде 23-28 м/с жетуі мүмкін.
Stan.kz
01 ақпан 2019 ж. 898 0