Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның жартысын аяз қысып тұр: алдағы уақытта ауа райы қандай болады?

Қазақстанның жартысын аяз қысып тұр: алдағы уақытта ауа райы қандай болады?

Қазақстанның солтүстігі мен шығысын, сондай-ақ орталығын бүгін аяз қысып тұр.   Бұл өңірлерде ауа температурасы нөлден 12-23 градусқа дейін төмендеді.
Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде алдағы уақытта да ауа райы жауын-шашынды болады, еліміздің оңтүстік шығыс жартысы мен батысында жел күшейіп, бұрқасындатады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.   
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, бұрқасындатады, жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде – көктайғақ.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жамбыл, Алматы облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Астанада 20 градус аяз болады.
Алматыда ауа температурасы 4 градусқа дейін жылиды.
Шымкентте +4 градус болады.

sputniknews.kz
11 қараша 2018 ж. 1 128 0