Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та жасөспірім 7 жасар баланы өлтіру үшін киллер жалдаған

АҚШ-та жасөспірім 7 жасар баланы өлтіру үшін киллер жалдаған

АҚШ-тың Айова штатында 7 жасар баланы өлтіру үшін киллер жалдамақ болған 17 жастағы қыз ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сторм-Лейк қаласының полиция департаментіне "киллер жалда" деп аударылатын "RentaHitman.com" әзіл-қалжыңға құрылған сайттың әкімшілері хабарласты. Олар сайтқа белгісіз біреу екі рет кіріп, жеті жасар баланы тапсырыспен өлтіруді ұйымдастыруға тырысқанын хабарлаған, деп жазды UPI.

Ұйымдастырушы "нысананы табуға көмектесу" үшін баланың аты-жөнін, мекен-жайын және басқа да мәліметтерін берген.

Тергеушілер күдіктіні таңертең ерте анықтап, киллердің кейпіне еніп, байланыс орнату үшін офицерлердің бірін дайындаған.

Офицер қызбен кездескене, ол шынымен баланы өлтірткісі келетінін айтқан. Қыз қамауға алынды. Сондай-ақ полиция жәбірленушіге нақты қауіп төндіретін қажетті дәлелдемелерді алғанын атап өтті.

Қызға "адам өлтіруге итермеледі" деген айып тағылды. Ол Черокидегі Солтүстік-Батыс Айова жастарының жедел жәрдем орталығына жеткізіліп, іс кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотқа жіберілді.
07 маусым 2023 ж. 632 0