Сырдариядағы қайғылы оқиға: 2 бала іздестіріліп жатыр
Сырдарияда суға кеткен 11 адамның тоғызының денесі табылды. Құтқарушылар тағы екі кәмелетке толмаған баланы іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
«Суға батқан 11 адамның ішінен ТЖД күшімен 9 адамның, оның ішінде 3 әйелдің және 6 кәмелетке толмаған баланың денесі табылып, судан шығарылды, 2 кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам, 18 техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы жұмылдырылған.