Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында аспанға оқ атқан тұрғын ұсталды

Қызылорда облысында аспанға оқ атқан тұрғын ұсталды

Қызылорда облысының полицейлері ауаға қарудан оқ атқан азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні Тереңөзек ауылында болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Құқық бұзушы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар бейнежазбадағы көлік иесі де анықталды. ІІО-ның есебінде жоқ газды қару тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр, - деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.
31 тамыз 2023 ж. 1 534 0