Тойда ауаға оқ атқан жігіттен қару тәркіленді

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында тойда белгісіз азаматтың қаруға ұқсас затпен ауаға оқ атқан бейнежазбасы жарияланды.
– Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қызылордалық полицейлер 21 жастағы күдіктіні ұстады. Одан Ресейде жасалған қару және оқ жатары айғақ зат ретінде алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды, – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
syrboyi.kz