Қызылордада заңсыз айналымнан 24 қару алынды

5 ақпан күні Қызылорда қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірін тексеру кезінде 28 жастағы азаматтың ішкі істер органдарында тіркелмеген 8 мм газды тапаншаны 8 дана оғымен бірге заңсыз сақтап жүргені анықталған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабына сәйкес 26 азаматқа, 486-бабына сәйкес 34 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды.