Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыз қаруды алып жүргені үшін әкімшілік айыппұл салынды

Заңсыз қаруды алып жүргені үшін әкімшілік айыппұл салынды

Арал аудандық сотында азамат А.А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А.А. 8 наурыз 2020 жылы Арал ауданы, Ақеспе ауылдық округі Кіші Арал теңізінің жағалауында, ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы, 12 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз алып жүрген.
Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы А.А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 37 114 теңге айыппұл салынып, заттай дәлелдеме ретінде алынған аңшы мылтығы мемлекет пайдасына тәркіленді.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
09 маусым 2020 ж. 607 0