9 қап марихуанамен ұсталған азаматтарға сот үкімі шықты

Полицейлер тексеру кезінде жүргізушінің техникалық тексеруден өтпегендігін анықтап, көліктің ішінен салмағы 42 келі 682 грамм болатын 9 қап марихуананы тапқан.
Арал ауданына мал сатып алуға барған көрші екі қызылордалық азамат «жаңа тұрғылықты жеріне” қоныс аударуға мәжбүр болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот үкімімен олардың әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
syrboyi.kz