Қызылордада 5 күннен бері іздестірілген 18 жастағы бойжеткен табылды
18 жастағы бойжеткен 17 желтоқсан күні сағат 09:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Іздеу шаралары аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды.Полиция қызметкерлері 5 күннің ішінде жүргізген жедел – іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бойжеткен 21 желтоқсан күні кешкі уақыт 22:00 де қала аумағынан табылып, ата – анасына аман – есен тапсырылды. Полицейлер табылған бойжеткенмен және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.
Құрметті ата – аналар егерде сіздің балаңыз немесе жақыныңыз із-түссіз жоғалып жатса, онда уақыт өткізбей тез арада полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Полицейлер жоғалған жанды жедел табу үшін іздестіру шараларын атқаруға әрдайым дайын.
syrboyi.kz






		
		



