Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 11 жыл іздеуде болған қылмыскер қолға түсті

Қызылорда облысында 11 жыл іздеуде болған қылмыскер қолға түсті

Қызылорда облысында полицейлер 11 жыл іздеуде болған қылмыскерді қолға түсірді. Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы және Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеуден бой тасалап жүрген қылмыскерді қолға түсірді.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) күдікті қатарында танылған қылмыскер 11 жыл іздеуде жүрген болатын. Оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері қарақшылық жасап, іздеуде жүрген 39 жастағы азаматты Жетісу облысында ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Республика көлемінде өткізілген «Іздестіру» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде 4 қылмыскер және хабар-ошарсыз кеткен 3 азамат анықталған.


Ақпарат көзі: syrboyi.kz​​​
02 мамыр 2024 ж. 1 179 0