Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада орталық емханадан өрт шықты

Қызылордада орталық емханадан өрт шықты

Қызылорда қаласында орталық емханадан өрт шықты. Бұл туралы Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар қызметіне 30 маусымда 2.20-да З.Шүкіров көшесі бойында орналасқан қалалық орталық емхананың 2-қабатынан өрт шығуда деген шақырту түсті.

«Өртке қарсы қызметінен оны сөндіруге 26 қызметкер жұмылдырылды. Барлау жұмысы нәтижесінде орталық емхананың 2-ші қабатындағы бөлме ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт 2.43-те толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.


Сурет: ​aikyn.kz​​​
01 шілде 2024 ж. 359 0