Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 54 млн теңгенің мектеп дәптерін өртеп жіберген қаскөй ұсталды

54 млн теңгенің мектеп дәптерін өртеп жіберген қаскөй ұсталды

Ол 20 тонна оқу құралын көлікте тұрған жерінен жағып жіберген
54 млн теңгенің мектеп дәптерін өртеп жіберген қаскөйді полицейлер ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрген. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.

- Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді,- делінген ресми хабарламада.


Сурет: ашық дереккөз 
21 тамыз 2024 ж. 120 0