Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Полицейлер алаяқтықтың жаңа түрі туралы айтты

Полицейлер алаяқтықтың жаңа түрі туралы айтты

Петропавлда алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді. Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын алдап соққан күдіктіні анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тамыз айының басында Петропавл полиция басқармасына интернет-алаяқтық туралы өтінішпен 22 жастағы жігіт пен қыз жүгінді. Олардың ешқандай несиелері болмаған. Алайда ломбардтан мерзімі өткен төлем туралы sms-хабарламалар алған.

Бір ай бұрын паркте оларға бейтаныс жас жігіт келіп, телефондарын белгілі бір дерекқор арқылы тексеруді ұсынған. Оның көмегімен гаджеттің ұрланбаған екенін растауға болады деп түсіндірген. Жәбірленушілер өздерінің телефоны мен жеке куәлігін суретке түсіруге, сондай-ақ IMEI-кодтарын жазып алуға мүмкіндік берген. Бәрін жазып алған бейтаныс телефонның "базада тіркелмегенін" айтқан. Кейіннен жәбірленушілер олардың құрылғылары онлайн-режимде қарыз беретін ломбардтың кепілі болғанын білген. Келтірілген залал әр жағдайда 35 мың теңгеден.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының және Петропавл қаласының Cyberpol тобының қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 18 жастағы Петропавл тұрғыны болып шықты. Ол 13 тамызда Жұмабаев көшесінің бойында ұсталды.

Сурет: massaget.kz
04 қыркүйек 2024 ж. 149 0