Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жеті күдіктіні екі айға қамадық». Прокуратура Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

«Жеті күдіктіні екі айға қамадық». Прокуратура Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Kyzylorda-news.kz Осы қылмысқа қатысы бар барлық адамдар жауапкершілікке тартылады.

Талғардағы жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жеті адам екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресми орган тергеу объективті жүргізіліп, кінәлілердің бәрі заң аясында жазасын алатынына сендіруге тырысты.

«Біз қоғамдық толқуларды түсінеміз және отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Прокуратура органдары кісі өлтіру туралы бұл істі ерекше бақылауға алғанын ресми түрде хабарлаймыз. Аталған қылмысты жасады деген күдік бойынша сот 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беріп, жеті күдікті адам ұсталды. Біз барлық жағдайларды анықтауға және кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған объективті тергеуге кепілдік береміз. Барлық азаматтарды осы қылмысқа қатысы бар адамдарды жауапкершіліктен алып тастауға ешқандай әрекет жасалмайтынына сендіреміз. Тергеуге көмектесетін кез келген ақпаратпен прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз, – делінген қадағалаушы орган мәлімдемесінде.

Айта кетейік, оқиға 4 қазанда болған. Баланың әкесі жалға дүкен алып, сауда жасаған. Төбелес осы дүкеннен басталған. Бір жас жігіт дүкенге келіп, бір құты сыра алып, ақшасын төлемей кете барған. Болат сыраның ақшасын төлеуді талап еткен. Арада жанжал туындаған. Болаттың інісі мен ұлы, 16 жастағы Шерзат клиенттен кетуді сұраған. Бірақ сыра алған жігіт достарына қоңырау соғып, дүкенге үш көлікпен бір топ жігіт келген. Арасында үш-төрт қыз да болған.

Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. 10-шы сыныпта оқитын Шерзат Болат ата-анасының дүкеніне кездейсоқ келген. Суық қарумен келген бұзақылар ешкімді аямапты.
Қансыраған бір отбасының мүшелері ауруханаға жеткізілген. Көп ұзамай жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Сурет: ашық дереккөзден 
08 қазан 2024 ж. 101 0