Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана тұрғыны банкоматқа салынған 1 млн теңгені ұрлап кеткен

Астана тұрғыны банкоматқа салынған 1 млн теңгені ұрлап кеткен

Астанада белгісіз біреу қала тұрғынының банкоматқа салған миллион теңгесін ұрлап кеткен. Артынша полицейлер 34 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана тұрғыны банкоматқа салынған 1 млн теңгені ұрлап кеткен
Жәбірленуші банкомат арқылы есепшотына ақша салмақ болған. Азамат банкноттарды банкоматқа салып, операция аяқталды деп ойлап, терминалдан алыстап кеткен. Алайда, техникалық себептерге байланысты ақша салынбай, банкомат ақшаны қайтарып берген. Жәбірленуші ақшаның кері қайтқанын көрмеген. Осы сәтті пайдаланған ер адам ақшаны алып, қашып кеткен.

Заңсыз әрекет жасады деген күдікпен полицейлер 34 жастағы күдіктіні ұстады. Айыпталушы кінәсін мойындады. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Сурет: ашық дереккөзден алынды
30 қазан 2024 ж. 95 0