Галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс Жерге жетті
Британиялық ғалымдар ғарыштағы галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге дейін жеткенін мәлімдеді. Деректерге сәйкес бір галактика көршілер төрт галактикаға соғылған.
Monthly Notices of the Royal Astronomical Society журналының мәліметіне сәйкес соқтығысу Квинтет Стефана деген атпен белгілі галактикалар тобында болған. Нысан Жерден 290 миллион жарық жылы қашықтықта орналасқан. Ғалымдардың сөзінше, NGC 7318b галактикасы сағатына 3,2 миллион шақырым жылдамдықпен келіп өзге төрт галактикаға соғылған. Салдарынан реактивті ұшақтан шығатын дыбысқа ұқсас дыбыс толқыны туындаған.
Хартфордшир университетінің астрофизигі Марина Арнаудова NGC 7318b газ бен плазмалардан тұратын "қоқыс алаңына" соғылған. Мұндай соқтығысу салдарынан жұлдыздар пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл құбылыс галактикалардың өзара әрекеттесуін, құрылымы қалай пайда болатынын зерттеуге мүмкіндік береді дейді.
Квинтет Стефана галактикалар тобын астроном Эдуард Жан-Мари Стефан 1877 жылы ашқан.