Тағы жер сілкінді
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 9 желтоқсанда 08 сағат 24 мин 10 сек жер сілкінісін тіркеп отыр. Дүмпу ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде орналасқан екен.
«Есептік қарқындылығы Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент ауылы 2 балды құрады», делінген хабарламада.
Қираулар, зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.
Сурет: egemen.kz