Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шерзат Болаттың әкесі 15 тәулікке қамалды

Шерзат Болаттың әкесі 15 тәулікке қамалды

Еңбекшіқазақ аудандық соты Талғарда қайтыс болған Шерзат Болаттың әкесін 15 тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысының сотына сілтеме жасап.

«Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін (ӘҚБтҚ 434-бабының 1-бөлімі) азамат Қ.Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», делінген сот хабарламасында.

Сонымен қатар Еңбекшіқазақ аудандық соты әкімшілік іс жүргізу тәртібімен істерді қарау нәтижелері бойынша азамат С.Нұрымова ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК 488-бабының 8-бөлімі) ел азаматтығы жоқ Б.Реймова әкімшілік тәртіппен 15 тәулікке қамауға алынып, кейіннен ҚР шегінен шығарып жіберілді.


Сурет: ​egemen.kz​​​
11 желтоқсан 2024 ж. 56 0