«Кальмар ойыны» сериалының актрисасы қайтыс болды
81 жасында оңтүстіккореялық актриса Ли Джу-щиль өмірден өтті. Ол “Кальмар ойыны” сериалының екінші маусымында бұрынғы полиция офицері Хван Чжун-Хоның рөлін сомдаған.
Мәлімет бойынша, үш ай бұрын дәрігерлер актрисаға асқазан обыры диагнозын қойған. Аурухана өкілдері оның жүрегі тоқтап қалғанын мәлімдеді. Марқұмды ақтық сапарға шығару рәсімі 5 ақпанға жоспарланған.
Ли Джу-щиль 1995 жылы театр актрисасы ретінде дебют жасап, Оңтүстік Кореяның көптеген танымал қойылымдарына қатысты. Бұған дейін, 1993 жылы, оған сүт безі обыры диагнозы қойылған, алайда 2003 жылы ол бұл дертті жеңгенін жариялады. Аурумен күреске қарамастан, актриса кино мен театр сахнасында белсенді жұмысын жалғастырды.
Ақпарат көзі: turkystan.kz.
Сурет: turkystan.kz.