Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада ІХ Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі форумы өтуде

Астанада ІХ Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі форумы өтуде

Бүгін Астанада ІХ Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі форумы өз жұмысын бастады. Форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев елдегі тау-кен өнеркәсібінің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Еліміздегі тау-кен өнеркәсібі саласы мұнай-газ секторынан кейінгі өнеркәсіп көлемі ауқымды салалардың қатарында тұр. Тау-кен өнеркәсібі секторында 655 ірі және шағын компания жұмыс жасайды. Бұл Қазақстанға сенеді, Қазақстанға инвестиция салады дегенді білдіреді. Қазір «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының құрылысы аяқталғанын өздеріңіз білесіздер. Аталған автожол арқылы өтетін транзит көлемі жыл сайын 20%-ға артып келеді. Мұның барлығы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына тікелей әсер ететін факторлар», – деді вице-министр.
2010 жылы құрылған МАЙНЕКС Орталық Азия форумы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан Республикасындағы минералдық-шикізат ресурстарын дамыту және геологиялық барлау, қатты пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу проблемасына арналған тау-кен өнеркәсібі саласындағы жетекші шаралардың бірі болып табылады. Бүгінгі форум барысында «Шикізат және қаржы нарықтарының өсімі аясында Орталық Азия елдерінде минералдық-шикізат әлеуетін дамыту» тақырыбында пікірталастар өтетін болады.
























18 сәуір 2018 ж. 1 979 0