Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық кеңес бір жыл ішінде толық қалыптасты – Президент

Ұлттық кеңес бір жыл ішінде толық қалыптасты – Президент

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында айтты.

Бүгінгі айтылған ұсыныстар өзекті, тиімді. Ұсыныстардың басым көпшілігін жаңа жыл барысында жүзеге асырамыз. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғанына бір жылдан асты. Осы аралықта кеңес толық қалыптасты. Оның қажеттілігіне бәріміз көз жеткіздік, - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді инстуционалды құрылымға айналғанын айтты. 
Кеңес мүшелері еліміз үшін маңызды шешімдер әзірлеп, солардың жүзеге асуына күш салуда. Өткізілген үш отырыстың барлығы да пайдалы болғаны сөзсіз. Кеңестің жұмысы шетелдік сарапшылардың қызығушылығын туғызды. Пандемияға қарамастан кеңесте өзекті, маңызды мәселелер тұрақты түрде талқыланып келеді. Оған министрлер де атсалысуда. Жалпы сіздердің арқаларыңызда бірнеше маңызды бастама жүзеге асты, - деп атап өтті Президент.

baq.kz
22 қазан 2020 ж. 695 0