Бүгін Президенттің қатысуымен Ұлттық кеңестің отырысы өтеді

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысы 27 мамыр күні сағат 11:00-де өтеді. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.
Ұлттық кеңестің отырысы адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналады.
Жиын Президент баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
inform.kz