Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев қоғамдық тәртіп және заң бұзылмаса митингі өткізуге рұқсат береді

Тоқаев қоғамдық тәртіп және заң бұзылмаса митингі өткізуге рұқсат береді

Нұр-Сұлтанда қазіргі уақытта Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Іс-шара ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен басталды деп хабарлайды  KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысы өзінің кіріспе сөзінде бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді, оның ішінде митингілер тақырыбы да бар.
"Біз Конституциямызға сәйкес митингілер туралы хабарлау қағидасын енгізуді бастауымыз керек. Егер олар заң бұзбаса, қоғамдық тәртіпті бұзбаса және азаматтардың тыныштығына кедергі жасамаса, митингілерге рұқсат етіледі", - деді мемлекет басшысы.
Одан бөлек, Тоқаев қоғамдық санаға митингілер мәдениетін сіңіретін уақыт келді деп атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, митингілер - бұл тек құқық қана емес, жауапкершілік.
"Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы жасалды. Бұл қолданыстағы заңға енгізілген өзгерістер туралы ғана емес, бейбіт жиналыстардың барлық түрлерін ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін тұжырымдамалық жаңа заң", - деді Тоқаев.
Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің отырысы басталғаны хабарланды.
Осыған дейін мемлекет басшысы басқа шараға - Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске қатысатыны хабарланған еді.
Алайда, артынша президенттің орнына халықаралық кездесуге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баратыны белгілі болды.
20 желтоқсан 2019 ж. 733 0