Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы IV республикалық имамдар форумының делегаттарына үндеу жасады

Мемлекет басшысы IV республикалық имамдар форумының делегаттарына үндеу жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV республикалық имамдар форумының делегаттарына арналған бейнеүндеу жариялады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының отыз жылдығымен құттықтаған. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Құрметті форумға қатысушылар!
Баршаңызды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының отыз жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін айтулы оқиға. 
Діни басқарма егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға атсалысып келеді.
Сондай-ақ еліміздегі дәстүрлі исламды дамытуға зор үлес қосуда.  Биылғы пандемия кезінде діни басқарма көптеген қайырымдылық шарасына ұйытқы болды.  
Жұртшылықты татулық пен сыйластыққа шақыру аса маңызды. Бұл міндетті біздің дін басшыларымыз абыроймен атқаруда.  
Әлемде діни алауыздық өршіген қазіргідей күрделі кезеңде дін қызметкерлерінің рөлі айрықша.
Сондықтан ел ішінде жүргізілетін ағартушылық жұмыстардың мазмұны және сапасы үнемі назарда болуы керек.
Мешіттерде әрдайым имандылыққа, адамгершілікке үндейтін уағыздар айтылғаны жөн.
Сондай-ақ, білім мен ғылымға құштарлық, Отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін дәріптеуіміз керек.    
Азаматтарымыздың діни тұрғыдан сауатты болуына және жат ағымдардың жетегінде кетпеуіне сіздердің қосар үлестеріңіз мол.  Имамдар мен дін қызметшілері осы жауапты міндетті келешекте де ойдағыдай атқаратынына сенемін.  
Құрметті имамдар, форум делегаттары!
Сіздердің сауапты істеріңіз әрдайым еліміздің береке-бірлігін нығайтуға арналған.
Мұндай игі жұмыс қашанда ерекше құрметке лайықты. 
Сондықтан, дін саласын дамытуға айрықша үлес қосқан бірқатар имамдар мен ғалымдарға бүгін мемлекеттік марапаттар табыс етіледі.
Баршаңызды құттықтаймын! 
Форум жұмысы жемісті болсын!»

Марапатталғандардың тізімі:
Бекайдар Әміре – Шымкент қаласының «Шейх Мұхаммед садық» мешітінің бас имамы;
Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы – Алматы қаласының «Қалқаман» мешітінің бас имамы;
Аманқұлов Асылхан Өмірзақұлы – Алматы қаласының «Әл-Хамид» мешітінің бас имамы;
Сманов Әбдіжаппар Шәкірұлы – Түркістан облысының «Сарыағаш» медресе-колледжі директорының орынбасары;
Дәуренбеков Әбдімүтәлі Қайназарұлы – Ақтөбе қаласының «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры;
Құлмұхаммед Махамбет Пірманұлы – «Әбу Ханифа» медресе колледжінің директоры;
Рахымжан Сағынай Қабдулуахитұлы – «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы, теолог-кеңесші;
Тулешов Замир Қаратайұлы - «Ақниет» ақпараттық  насихаттау және оңалту орталығы, бөлім бастығы.
24.kz
10 желтоқсан 2020 ж. 617 1

Гость Dodonorila от 20 желтоқсан 2020 23:09
Получите максимальную отдачу от своих сайтов PBN PBN - самый эффективный метод построения ссылок Blackhat, когда-либо обнаруженный создателями ссылок. Тем не менее, алгоритм поиска Google не может точно определять сайты PBN. Но эффективность ссылок PBN зависит от качества сайтов PBN. Если сайт PBN имеет значительное количество обратных ссылок, то ссылки с этого сайта будут более эффективными, чем сайт PBN без каких-либо обратных ссылок. Ссылки могут быть лучшим способом предоставить ссылки на ваши сайты PBN. Ссылки на профили на форумах увеличат ссылочный вес PBN-сайтов. Даже обратные ссылки помогут сайту PBN выйти из песочницы Google. Обращайтесь: https://t.me/PromoPult раскрутка веб сайтов