Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы
2021 жылғы 23 тамыз
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
    Президенті                                                                                Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы  20 тамыз
№ 642

baq.kz
23 тамыз 2021 ж. 2 675 0