Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл туралы Жарлыққа қол қойды

Президент халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл туралы Жарлыққа қол қойды. ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасай отырып Жарлықтың толық мәтінін жариялайды.
***
Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруды, мемлекеттiк билiк органдарының сыртқы саясат саласындағы қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды және Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiленген тәртiппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 5 сәуір
№ 545
05 сәуір 2021 ж. 502 0