Тәжікстанда Тоқаевтың қатысуымен ҰҚШҰ саммиті басталды

Душанбеде ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларының отырысы басталды, деп хабарлайды РИА Новости.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отырысқа тікелей қатысып отыр.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон отырысты ашқан кезде Тәжікстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы ұжымдық қауіпсіздік аймағы төтенше сын-қатерлерге тап болған кезеңмен тұспа-тұс келгенін айтты.
"Дегенмен Тәжікстан ҰҚШҰ бойынша әріптестерінің қолдауы арқылы төрағалық қызметін дәйекті түрде атқарды", - деді ол.
Рахмонның айтуынша, сол аралықта саяси өзара іс-қимылды жоғарылату, сыртқы саяси ұстанымдарды үйлестіру қамтамасыз етілді.
"Біз күн тәртібіндегі халықаралық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша өтініштерді қабылдауды жалғастырамыз", - деді ол.
Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысып отыр.
15 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына барды.
Қазақстан президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысатыны хабарланды.
sputnik.kz