Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа келді.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады, - деп жазды ол.

baq.kz​​​
24 қазан 2021 ж. 3 586 0