Қызылорда мен Германия арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Жақында Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің қатысуымен «Қазақстан – Германия» бизнес-форумы өтті.
Форумда Қызылорда облысының әкімдігі, «Медаль Групп» және «Самга Евротрэйд КЗ» ЖШС арасында, Қызылорда облысының әкімдігі, «Хорн» фирмасы және «ЕвроГлас Индастриз» ЖШС арасындағы үшжақты меморандумдарға қол қойылған болатын.
Аталған келіссөздердің жалғасы ретінде бүгін облысқа германиялық «Medal Group GmbH» компаниясы мен «Samga Eurotrade» ЖШС өкілдерінің іссапары басталды. Іссапар аясында қарастырылған жобалар қатарында Wehrhahn корпорациясының фирмалық жабдықтары мен технологиялары негізінде фиброцемент, газбетон және құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын «Көпфункционалды инновациялық индустриялық парк» жобасы бар.
Оған қоса HORN ®️ корпорациясының фирмалық жабдықтары мен технологияларын қолдана отырып, «Шыны ыдыстарды өндіру зауыты» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
syrboyi.kz