Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент ҰҚК-де тағайындаулар жүргізді

Президент ҰҚК-де тағайындаулар жүргізді

Президент ҰҚК-де тағайындаулар жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
 Мемлекет басшысының өкімімен Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.
 Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
 Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Сурет: ашық дереккөз 
23 қыркүйек 2024 ж. 131 0