Мәжіліс халықаралық келісімдерді қарайды
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1739001443_bez-imeni.jpg)
Депутаттарға Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы заң жобасын талқылау ұсынылады.
2024 жылғы 14 ақпанда Нью-Йоркте жасалған меморандум Қазақстанның ұлттық контингентін БҰҰ-ның Голан шыңдарындағы бітімгерлік миссиясына жіберуге байланысты әкімшілік, логистикалық және қаржылық шарттарды белгілейді. Келісім меморандумды толықтырып, БҰҰ тарапынан Қазақстан Үкіметіне бітімгерлік миссияға қатысатын қазақстандық контингентке қажетті персонал, негізгі жабдықтар мен өзін-өзі қамтамасыз ету құралдарын ұсынғаны үшін төлем жасау тәртібін анықтайды.
Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралады.
Құжатта ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандары, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді іздеу және қайтару, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды ұстау және ұстап беру, сондай-ақ өзге де іс-шаралар айқындалады.
Сонымен қатар Мәжіліс бәсекелестік мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдайды.
Ақпарат көзі: egemen.kz
Фото: egemen.kz