Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн тәртібі нақтыланды

Күн тәртібі нақтыланды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына Салық кодексіне енгізілетін түзе­тулер, салық және бюджетке тө­ленетін басқа да міндетті төлем мен салық салу мәселелеріне қатыс­ты заң жобаларын бірінші оқы­лым­да қарау ұсынылады. Бұл заң жоба­ларының негізгі нормалары екін­ші деңгейдегі банктердің Ұлт­тық Банк ноталарынан түсетін кірі­сін салықтан босату құқығын алып тастауға, балаларға Ұлттық қор­дың табысынан аударылатын ныса­налы жинақтарды салықтан боса­ту­ға бағытталған. Сонымен қатар ар­найы экономикалық және индуст­риалдық аймақтардың қаты­су­шыларына жобаларының құны­на қарай салықтық жеңілдік­терді берудің сараланған тәсілін енгізу­ді, жеке тұлғалардың берешегі мик­ро­қаржылық ұйымдармен және коллекторлық агенттіктермен кеші­рілген жағдайда қалыптасқан кіріс­терді салықтан босатуды көз­дейді. Сондай-ақ соттар­да мем­лекет­тік баж төлеуді кейін­ге қалды­ру тәртібін енгізу мен салық­тық әкім­шілендіруді жетілдіру ұсынылған.

Жалпы отырыста Мәжіліс ко­митеттері бірқатар ратификацияланатын заң жобасын жұмысқа алады. Олар: Қырғыз Республикасы­мен авиациялық іздестіру, құтқару саласындағы ынтымақтастық және «Қарасу», «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеніне қатысты келісімдер. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда салықтар алу тәртібін айқындау туралы хаттама мен трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы.

egemen.kz
16 қазан 2023 ж. 211 0