Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн тәртібі бекітілді

Күн тәртібі бекітілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттарға әйелдердің құқық­тары мен балалардың қауіпсіздігін қамта­масыз ету мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда талқы­лау ұсынылады. Құжат Мәжіліс депу­таттарының бастамасымен Мем­лекет басшысының отбасылық және тұрмыстық салалардағы зор­лық-зомбылықты қылмыстық жауап­кершілікке тарту және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдату туралы тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді.

Сонымен қатар ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша заң жобасы да бірінші оқылымда қаралады. Бұл мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету тетіктері мен құралдарын бекітеді және ақпа­ратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтеді.

Сондай-ақ Мәжіліс комитеттері кейбір заңнамалық актілерге оларды Конституция нормаларына сәйкес кел­тіру туралы және құқық қорғау қыз­меті туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдайды.

Ақпарат көзі: egemen.kz
Фото: ашық дереккөз 
 
19 ақпан 2024 ж. 208 0