Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн тәртібі бекітілді

Күн тәртібі бекітілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына байланыс, цифрландыру және ақ­па­раттандыру саласының инвес­тициялық ахуалын арттыру мә­селелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды.

Депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жоба теле­ком­муникациялық инфрақұ­рылым­ды дамытуға, қалалар мен ауыл­дық елді мекендерде бай­ланыстың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын жақсарту үшін жағ­дай жасауға бағытталған. Түзету­лер спутниктік технологиялар мен инновацияларды қолдану аясын кеңейтуді қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Сондай-ақ екі ратификациялық жоба ұсынылады. Олар – Қазақстан мен Қырғыз Үкіметтері арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім және Қазақстан мен Литва арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қаты­настар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттама.

Бұдан басқа депутаттар «Қазақ­стан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы­ның Конституциялық заңына өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» Конституциялық заңы­ның жобасы бойынша Парла­мент Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамын сайлайтын болады.

Сонымен қатар Мәжіліс комитеті Қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қыз­мет­терді тұтынушылардың құқық­тарын қорғау мәселелері бойынша түзетулерді жұмысқа алады.

egemen.kz
Фото: ашық дереккөз 
22 қаңтар 2024 ж. 614 0