Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн тәртібі нақтыланды

Күн тәртібі нақтыланды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақ­тыланды.

Депутаттардың талқылауына трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылады.

Заң жобасы еліміздің транс­ферттік баға белгілеу са­ла­сын­дағы заңнаманы жетіл­діру әрі капиталдың елден шы­ғарылуын бақылау шараларын күшейту мақсатымен әзірленді. Со­нымен қатар алдағы жалпы отырыс­та Қазақстан мен Өз­бек­стан үкіметтері арасын­дағы аза­­мат­тардың өзара сапар­лары­ның шарттары туралы ке­лісімге өз­герістер енгізу ту­ралы хаттама және 2014 жыл­ғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер ен­гізу жөніндегі хаттама ратификацияланады деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс комитеттері бір­қатар заң жобасын жұмысқа ала­ды. Олар: күзет қызметі, са­тып алу және заңнамалық ак­ті­лерді нормалардың артық (ша­мадан тыс) заңнамалық рег­ламенттелуі тұрғысынан ревизиялау мәселелері бойынша Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодекске қатысты заң жобалары.

Ақпарат көзі: egemen.kz

Фото: ашық дереккөз 
29 қаңтар 2024 ж. 259 0